
ҚР Ұлттық Банкі 2023 жылдың желтоқсан айында іскерлік белсенділік индексі 49,0-ден 48,7-ге дейін төмендеді деп хабарлады.
«Индекстің динамикасына тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің төмендеуі әсер етті. Бұл секторларда барлық құрауыштың төмендегені байқалды. Тиісінше, индекстер 46,8 және 47,8 (қарашада – 47,2 және 48,4) болды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, әсіресе, жаңа тапсырыстар көлемі азайды»-делінген хабарламада.
Айта кетейік, іскерлік белсенділік өндіріс пен құрылыста жақсарғанын байқалады. Мұнда көрсеткіштер тиісінше 51,8 (қарашада – 51,4) және 50,2 (қарашада – 50,3) болды. Құрылыс пен өндірісте жеткізілім мерзімінен басқа барлық құрауыштар жақсарды.

ҚР Ұлттық Банктің хабарлауынша, қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды бағалау көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ. Қазіргі және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағалауын білдіретін бизнес-ахуал индексі 7,7 болды (2023 жылғы қарашада – 7,0).
Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында іскерлік белсенділік индексі 49-ға төмендеді деп хабарладық.