«Азық-түлік корпорациясы» ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды жаңа тәсілмен қаржыландырады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:shutterstock

Мемлекетке тиесілі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» («азық-түлік корпорациясы») фермерлер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен астықты үш жақты форвардтық сатып алуды енгізуді жоспарлап отыр.

«Астық нарығында тұрақтандыру функциясын орындау шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттің тапсырмасы бойынша сатып алу немесе тауар интервенцияларын қолданатын болады. Бұл шаралар негізінен Қазақстандағы астықтың жоғары өнім алуы немесе өте төмен түсімі кезеңінде пайдаланылатын болады және ішкі бағалардың күрт құбылмалылығын төмендетуге бағытталған. Сатып алу интервенциялары одан кейінгі жылдары ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ тауар интервенциясын жүзеге асыру қажет болмаған жағдайда, сыртқы нарықтарға жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін артық астықты нарықтан алу және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарын қалыптастыру мақсатында жоғары өнім алған кезеңде қолданылатын болады»-делінген хабарламада.

 Осылайша, 1-сұрыпты ұн, әлеуметтік нан және кеспе бағасының өсуін тежеу үшін арзандатылған бағамен азық-түлік астығын (қажет болған жағдайда) сату жоспарлануда.

«Нарықтық бағаларға байланысты бөлінетін қаржы қаражаты шегінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары арқылы қарақұмық жармасы, күріш және күнбағыс майы үшін шикізат сатып алынады. Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін біртіндеп кеңейтеді,. Сондай-ақ арзандатылған азық-түлік және жемдік астықты өткізу көлемін ұлғайтады. Тұрақтандыру функцияларын жүзеге асыру шеңберінде астық нарығында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қосылған құн салығын қайтару жүргізілетін болады. Бұл шаралар нарықтық тұрақтылықты қолдауға және Қазақстанның барлық азаматы үшін азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Астық бағасын мемлекеттік реттеу қажет болмаған кезде Азық-түлік корпорациясы астық сатып алуды қалыптасқан нарықтық бағалар дәлізі шегінде жүзеге асыратын болады», – делінген хабарлмада.

Қазақстандық нарық қатысушыларының үйлестірілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету жөніндегі Орталықтандырылған жұмыс шеңберінде сыртқы нарықтарға қол жеткізу үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы астық экспортын біртіндеп ұлғайту қажет.

Экспорт үлесі 50%-ға жеткен кезде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қазақстанның бірыңғай экспорттаушысының функцияларын орындай алады. Ол үшін 2 кезеңді аяқтау жоспарлануда.

1-кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шағын және орта фермерлерден астықтың экспорттық партияларын шоғырландырып, сыртқы нарықтарға өткізетін болады. Сыртқы нарықтарда сатып алушыларды іздеу жүзеге асырылады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаржылық есептеулерге қатыспай-ақ сатып алушы мен сатушы үшін кепіл болады. Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерге экспорттық нарықтарға шығуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен сатуға көмектесетін болады.

2-кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықтың ішкі көлемін сатып алып, орталықтан экспорттайтын болады. Ол үшін экспорт көлемін және қаржы қаражатының үлкен көлемін ұлғайту қажет.

Жалпы, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа жылжытатын және экспорттаушыларға жәрдемдесетін болады:

Экспортқа шығу арналары жоқ фермерлер үшін әділ бағаларды белгілеу;

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы құралдары арқылы экспорттық тауарларды өндіруге жәрдемдесу;

Кедергілерді азайту үшін шетелдік мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу; Экспорттық арналарды құру;

Экспорттаушыларға өнімді ілгерілетуге жәрдемдесу;

Қазақстан Республикасындағы Азық-түлік келісімшарт  корпорациясының өңірлік өкілдіктерінің әлеуетін пайдалану;

Сондай-ақ оқыңыз