Carrefour сауда желісі PepsiCo тауарларын сатуды тоқтатады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:lsm.kz

Францияның Carrefour ең ірі супермаркеттер желісі алдағы уақытта америкалық PepsiCo Inc компаниясының тауарларын сатуды тоқтатады. Себебі бұл өнімдердің бағасы тым қымбат. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады.

BFM TV мәліметтері бойынша, PepsiCo компаниясы ұсынатын өнімдерінің ішінде Pepsi сусындары, 7up және Lay ‘s қытырлақтары енді Carrefour супермаркеттерінде сатылмайды.

«Бағаның өсуіне байланысты біз енді осы брендтің өнімдерін сатпаймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген француздық бөлшек сауда дүкендерінің хабарламасында.

The Wall Street Journal мәліметінше, Италия, Испания және Бельгиядағы Carrefour дүкендері америкалық компанияның тауарларын сатуды тоқтатады.

PepsiCo компаниясы, бірнеше ай бойы сауда желісімен келіссөздер жүргізгенін және олардың ұсынып отырған өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта да жұмыс атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз