Шымкентте көші-қон полициясы қызметкері әлеуметтік баспана алуға “көмектескені” үшін сотталды

Жарияланды
Көші-қон полициясы қызметкері сотталды/kursiv.media

Шымкент қаласында көші-қон полициясы қызметкері әлеуметтік баспана алу үшін 16 адамның тұрғылықты тіркеуіне заңсыз өзгеріс енгізген. Ол «полиция майоры» шенінен айырылып, 1,5 жылға сотталды. 

«Шымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтаған. Көші-қон полициясы қызметкері 16 адамның тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізген, ал олар мұны әлеуметтік баспана алу үшін пайдаланған», – деп жазылған хабарламада. 

Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-ге тіркеліп (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық), тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды.

«Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді»,- деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз