Solva микроқаржы ұйымы $200 млн облигация шығарады
Фото: kursiv.media
Екінші деңгейлі банкке айналуға дайындалып жүрген Solva микроқаржы ұйымы («ОнлайнКазФинанс») $200 млн облигация шығаратынын хабарлады. Облигациялық бағдарламасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тіркегені жайлы хабарлама KASE сайтында жарияланған.
Облигациялар шығарылымы Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар тізіліміне J98 номерімен енгізілген.
Бұл МҚҰ банктік лицензия алуға дайындалып және қазіргі уақытта «Solva Bank» АҚ болып қайта құрылып жатыр. Мұндай шешімді 2023 жылдың маусымында акционерлік қоғамның жалғыз акционері, Израиль азаматтары Борис Батин мен Александр Дунаевқа тиесілі – IDF Eurasia холдингі қабылдаған.
Ал былтыр желтоқсанда Solva акционерлердің құрылымы өзгерді. БАӘ астанасы Абу -Дабиде тіркелген Neo Crystal Holdings Ltd компаниясы Solva-ның жаңа акционері болды. Бірақ компанияның нақты меншік үлесі көрсетілмеген. Компания өкілдері «Курсивке» Solva «меншік құрылымына жоспарлы өзгерістер енгізіп жатқанын айтты.
«ОнлайнКазФинанс» – Қазақстандағы банктік емес қаржыландыру нарығындағы кепілсіз қаражат беретін ең ірі микроқаржы ұйымдарының бірі . Ол 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Компания микро, шағын және орта бизнес үшін цифрлық қаржылық шешімдерді ұсынады. Соңғы екі жылда осы ұйым арқылы Қазақстанның 58 мың кәсіпкері 69 млрд теңгеге қаржыландырылған.
«ОнлайнКазФинанстың» жалғыз тікелей иесі «Финтехфинанс» МҚҰ. 2023 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша компанияда акциялары 25%-дан аспайтын бірнеше бенефициарлар болды, олардың ең ірісі – Испанияда тіркелген финтех тобының негізін қалаушылар, Израиль азаматтары – Борис Батин мен Александр Дунаев. 2019 жылдың желтоқсанында ID Finance бизнесті екі топқа бөлді. Біріншісі, ID Finance Испания мен Мексикадағы несиелік қызмет көрсетеді, екіншісі, IDF Eurasia Ресей мен Қазақстанда қарыз брумен айналысады.
2022 жылы Ресей мен Украина арасында кең ауқымды соғыс басталып, Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін, Solva-ның меншік құрылымы өзгерді. Батин мен Дунаев миноритарлық акционерлермен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген Solva Group холдингі арқылы қазақстандық бизнестің акцияларына тікелей иелік ете бастады. Осыдан кейін Қазақстанда жүргізілген барлық операция заңды түрде басқа елдердегі бизнестен тәуелсіз болды.