Әкімдіктердің 2024 жылға арналған қарыз лимиті бекітілді
Ұлттық экономика министрлігі «Жергілікті атқарушы органдар борышының 2024 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» бұйрықтың жобасын жариялады.
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2024 жылға арналған лимиттері белгіленсін», – деп жазылған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың бұйрығында.
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2024 жылға арналған лимитінің қосымшасында Алматыға – 674 072 093,2, Астанаға – 221 636 896,9, Шымкентке – 158 511 018,8 теңге шегінде шектеу қойылған. 2023 жылғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, борыш лимитінде айтарлықтай айырмашылық бар. Өткен жылы Алматы – 207 707 484,7, Астана – 196 432 008,4, Шымкент – 119 266 435,5 теңге лимиттен аспауға тиіс болған.
Биыл борыш лимиті Абай облысына –104 179 919,5, Жетісу облысына – 131 375 124,2, Ұлытау облысына – 45 054 130,2 теңге болып бекітілді. Былтыр жергілікті атқарушы органдар борышының 2023 жылға арналған лимитінің кестесінде Абай облысына – 79 628 293,8, Жетісу облысына – 94 362 202,8, Ұлытау облысына – 31 235 892,8 лимит қойылған еді.
Байқағандарыңыздай, Ұлттық экономика министрлігі еліміздің 3 мегаполисі мен жаңадан ашылған 3 облыстағы жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін бір жыл бұрынғы көрсеткіштен едәуір ұлғайтқан.
Өңірлерге қатысты қабылданған шешімде де өсім бар. Мәселен биыл Ақмола облысына – 172 393 551,4, Ақтөбе облысына – 159 524 508,7, Алматы облысына – 194 238 699,3, Атырау облысына – 127 880 569,1 теңге лимит берілген.
Былтыр Ақмола облысы – 132 553 104, Ақтөбе облысы – 122 567 176,4, Алматы облысы – 140 780 319,7, Атырау облысы – 93 030 217,6 теңгені қанағат тұтқан.
Жаңа жылда Батыс Қазақстан облысына – 136 364 837,3, Жамбыл облысына – 212 762 306,2, Қарағанды облысына – 210 861 829,2, Қостанай облысына – 162 022 370,1, Қызылорда облысына – 174 327 109,7 теңге қарыз рәсімдеуге рұқсат берілді.
Өткен жылы Батыс Қазақстан облысы – 106 749 507, Жамбыл облысы – 179 928 975,6, Қарағанды облысы – 158 681 280,3, Қостанай облысы – 128 118 517,2, Қызылорда облысы – 133 518 990,6 теңге лимитпен шектелген.
Биыл Маңғыстау облысы –134 244 600,8, Павлодар облысы –142 088 462,1, Солтүстік Қазақстан облысы – 132 818 569,8, Түркістан облысы – 359 988 882,5, Шығыс Қазақстан облысы – 133 757 568,1 теңге көлеміндегі лимитке ие болды.
Былтыр Маңғыстау облысы – 100 852 689, Павлодар облысы – 103 456 476,9, Солтүстік Қазақстан облысы – 103 062 888,4, Түркістан облысы – 274 417 913,8, Шығыс Қазақстан облысы – 111 464 373,4 теңгені құрайтын лимит шеңберінде жұмыс істеген.