Жапониядағы жер сілкінісі: 120-дан астам адам көз жұмды
Жапонияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті, 210-нан астам адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлады «Киодо»агенттігі.
Жер асты дүмпулерінен зардап шеккен Исикава префектурасында құтқару жұмыстары жалғасуда. Бірақ құтқару жұмыстарына қираған жолдар мен метеорологиялық жағдайлар қиындық туғызуда. Жексенбіде синоптиктердің болжауынша, аймақта жаңбыр мен қар жауады.
Айта кетейік, Жапонияның батысында 5, 6 және 7 баллдық жер сілкінісі болды. Соның ішінде әлемдегі ең үлкен атом электр станциясының жағалауында қатты жер асты дүмпулері сезілді.
Nikkei газеті Жапония жер сілкінісінен зардап шеккендерге АҚШ әскерімен бірлесіп көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын жариялады. Бұған дейін Қытай да Жапонияға жәрдемдесуге әзір екенін мәлімдеді. Алайда Жапония Үкіметі әзірше АҚШ-тың қолдауымен шектелуді жөн санады.