Air Astana жолаушылар ағынын 9% – ға арттырды
Air Astana әуекомпаниясы 2023 жылы өзінің Fly Arystan құрылымдық бюджеттік бөлімшесімен бірге 8 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл туралы оның басшысы Питер Фостер Tengri корпоративтік журналына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, пайыздық өсім 8,8%-ды құрады.
Жолаушылар ағыны Air Astana тарихында рекордтық көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ, Питер Фостер қазіргі кезде 50 ұшақ жолаушыларды тасымалдайтынын, ал 2028 жылға қарай 80-ге дейін арттыру жоспарлары барын айтты.
Биыл компания жаңа бағыттарға рейс ашуға ниетті: Жапония, Сингапур және Малайзияға. Фостердің айтуынша, Air Astana Алматы әуежайының жаңа терминалын ашупақшы. Бұл хаб жылдық жолаушылар ағынын 14 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
2024 жылы «Air Astana» компаниясы көптен күткен IPO-ға шығарылады. Компания акцияларын биржада орналастыру жоспары туралы алғаш рет 2011 жылы айта бастады. 2018 жылға қарай, авиакомпанияның өзі оны орналастыруға дайын деп мәлімдеді. Бірақ коронавирустық пандемияға байланысты жоспарларды кейінге қалдыруға тура келді.
Айта кетейік, Air Astana IPO-ға шығарылғаннан кейін де акцияларының бақылау пакеті «Самұрық-Қазына» қорының еншісінде қалады деп хабарладық.