Жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Отбасы банкке» операциялардың қосымша түрлерін қосуға лицензия берді

Фото: Курсив кз

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамға операциялардың қосымша түрлерін қосуға лицензия берді.

«Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтар төлемдерін есепке жатқызуға арналған жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашуға және жүргізуге,

«Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге «, делінген хабарламада.

Осылайша, банк енді 18 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына «Ұлттық қор – балаларға» жобасы шеңберінде қаражат аударылатын арнайы шоттар аша алады.