Жаңалықтар

АҚШ-тан Қазақстанға есірткі тасымалдағандар ұсталды

Фото:shutterstocks

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Не болды. Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталды. Одан 649 гр. кептірілген марихуана мен 676 гр. гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді.

«Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізумен және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды. Олардан 705 гр. марихуана мен 1266 гр. гашиш есірткі заттары табылып,тәркіленді», – делінген хабарламада.

Сот үкімі: Қылмыстық іс-бойынша жеті адам 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контраба арнасының және Алматы қаласының аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылды.