Жапондық автомобиль өндірушісі Honda Motor Co. Канадада электромобильдер шығаратын кәсіпорын салуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Интерфакс ру.
Жобаға қажетті инвестицияның жалпы құны– 2 трлн иен ($14 млрд).
Автоөндіруші 2024 жылдың соңына дейін Қанадада зауыт салу алаңына қатысты шешім қабылдайды. Жоспар бойынша кәсіпорын 2028 жылдың басында жұмыс істей бастайды.
Honda 2026 жылы АҚШ-тың Огайо штатында электромобильдер мен аккумуляторларды шығаруды бастауға дайындалып жатыр. Канадалық зауыт Солтүстік Америкадағы жапондық компанияның екінші ірі кәсіпорны болады.
Кәсіпорын іске қосылса, Honda сатылымдарының шамамен 40%-ын құрайды.