Әлемдік БАҚ-қа шолу: АҚШ-тағы buyback қандай болады, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы
АҚШ қор нарығындағы алғашқы сауда аптасы әлсіз болды. Алайда бұл бүкіл 2024 жыл қиын болады деген сөз емес. Инвесторлар акцияларды кері сатып алу АҚШ қор нарығын сақтап қалады деген үмітте. Өткен демалыс күндері әлемдік БАҚ осы және басқа да тақырыптарды қозғады.
Жыл басындағы әлсіз сауда 2024 жылы жағдай нашар болады дегенді білдірмейді
Жыл басынан бері S&P 500 индексі 2022 жылғы 3 қаңтардағы рекордтық көрсеткішімен салыстырғанда, 2% төмендеді, алайда 2022 жылдың қазан айындағы ең төменгі деңгейден 31,3 жоғары. Инвесторлардың көңіл-күйіне АҚШ-тың өткен аптада жариялаған жұмыспен қамту есебі, сондай-ақ ФРЖ ақша-несие саясатын жеңілдету мерзіміне қатысты нарықтағы белгісіздік әсер етті.
Yahoo Finance сарапшылар арасында «өткен аптадағы сауда нарықтағы биылғы трендтің белгісі ме» деген сауалнама жүргізген Rithholtz Wealth Management қызметкері Бен Карлсон «статистикалық мәліметтерге сүйенсек, екі таңбалы өсім кейінгі жылы жаңа көрсеткіштер жоғары болатынын» айтады . «1946 жылдан бері S&P 500 71% жағдайда оң мәндегі жылдық кіріс көрсетті», – деп қосады CFRA өкілі Сэм Стовалл.
2023 жылы Уолл-стрит стратегтерінің көпшілігінің жағымсыз болжамдары орындалмады, Қор нарығы, керісінше, 2022 жылдың барлық дерлік шығынын қалпына келтірді. АҚШ-тың күшті экономикасы рецессия қаупін сейілтіп, инфляция төмендей бастады. Нәтижесінде, энергетика мен жылжымайтын мүлікті қоспағанда, бүкіл сектордағы компаниялар тарихи медианадан асатын баға мен пайда арақатынасына ие болды.
Инвесторлар акцияларды кері сатып алу АҚШ қор нарығына жағымды әсер етеді деген үмітте
Осы аптада АҚШ-та есеп беру маусымы басталып, компаниялар өз акцияларын сатып алу жоспарын (buyback) жариялайды. Bloomberg басылымы бұл нарыққа былтырғы раллиді жалғастыруға мүмкіндік береді деп жазады.
2023 жылдың IV тоқсанында 40-тан астам америкалық компания кері сатып алуды жариялады. Reynolds Strategy компаниясының бас нарық стратегі Брайан Рейнольдс компаниялар «акцияларының құынын арттыру» үшін өз акцияларын сатып алады деп санайды.
Өйткені, Bloomberg Intelligence мәліметтері бойынша, АҚШ-та 2022 жылы рекордтық көрсеткішке (1 триллион доллар) жеткеннен кейін, бес тоқсан қатарынан қайта сатып алу төмендеді. 2023 жылы көрсеткіш 20%-ға төмендеді. Оның себебі – АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлеменің өсуі, бұл қарыз құнының қымбаттауына әкелді. Бірақ ФРЖ мөлшерлемелерді төмендетуге дайындалып және пайда өсімінің болжамдары жақсарып келе жатқандықтан, көптеген компания өз капиталын қор нарығына бағыттайтын болады.
Іс жүзінде, S&P Dow Jones индекстері есебіне сәйкес, S&P 500 тізіміндегі компаниялар 2024 жылы акцияларды сатып алуға кемінде 840 миллиард доллар жұмсайды.
BlackRock қызметкерлерін жаппай қысқартпақ
Әлемдегі ең ірі инвестициялық компания BlackRock жақын күндері 600-ге жуық қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр. Fox Business хабарлауынша, бұл компаниядағы жалпы қызметкерлер санының 3%-ын құрайды.
BlackRock акциялары 2022 жылы 21% арзандаса, 2023 жылы 6%-ға өсті. Былтыр клиент қаражатының ағыны $187 млрд құрады. 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы жағдай бойынша компанияның активтері 9 триллион долларды құрайды, ал 2022 жылы олар 10 триллион доллардан асты. Активтердің азаюына инвесторлардың ESG инвестициясынан көңілі қалуы себеп. BlackRock осы сектордағы жалпы сомасы 1 триллион долларға жуық активтерді басқарады.
Сонымен қатар 10 қаңтарда, BlackRock АҚШ-тың Бағалы қағаз және биржалар комиссиясының жаңа «спот» биткоин ETF-ін мақұлдауын күтеді. Реттеушінің шешімі оң болса, бұл әлемдегі ең танымал цифрлық монетаның күнделікті бағасын қадағалайтын алғашқы «крипто-инвестициялық өнім» болады.
АҚШ экономикасының Қытаймен байланысын үзуі – әлемдің экономикалық ландшафтын өзгертеді
WSJ Батыс пен Қытай арасындағы экономикалық байланыстардың құлдырауын және басқа елдермен жеткізу тізбегі құрылысын талдайды. Алдын ала қорытынды алаңдатарлық: жаһандық жеткізу тізбегінің күрделілігі саясаткерлер бағамдамауы мүмкін жаңа тәуекелдерді тудырады.
CEIC мәліметтері бойынша, 2023 жылдың қарашасында Қытай Еуроп Одағы мен Батыстағы дамушы елдерге экспортының 45 пайызын ғана жіберген. Бұл – кейінгі он жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Бұл арада Вьетнам, Мексика және басқа да дамушы елдерден АҚШ импорты күрт өсті.
Дегенмен, жеткізу тізбегі күрделене түскен және Қытайға одан әрі экономикалық қысым жасау құралдары қазірдің өзінде саяси мәселелерді қамтып отыр. Вашингтон Қытай импортын Вьетнам және Мексика өнімдермен толығымен алмастыра ала ма? Алмастыра алса, әлемдік экономикалық ландшафт айтарлықтай өзгеруі мүмкін.