Жаңалықтар

Хаяо Миядзаки, Кристофер Нолан: Тағы кімдер «Алтын глобус» жеңімпазы атанды?

«Алтын глобус-2024» жеңімпаздар тізімі жарияланды / Sonja Flemming/Pool via USA TODAY NETWORK

АҚШ-тың Калифорния штатындағы The Beverly Hilton қонақүйінде «Алтын глобус-2024» кино жүлдесінің 81-ші табыстау рәсімі өтті. Үздік анимация – Хаяо Миядзакидің «Балақай мен құс» фильмі, Үздік драма – Кристофер Ноланның «Оппенхеймер» картинасы, Үздік комедия —Йоргос Лантимостың «Бақытсыз кедейлер» фильмі болды.

Кино саласындағы жеңімпаздар:

  • Үздік анимациялық фильм – «Балақай мен құс»
  • Үздік драма – «Оппенхеймер»
  • Үздік драма актері – Киллиан Мерфи, «Оппенхеймер»
  • Үздік режиссер — Кристофер Нолан, «Оппенхеймер»
  • Екінші пландағы үздік актер — Кіші Роберт Дауни, «Оппенхеймер»
  • Екінші пландағы үздік актриса — Давайн Джой Рэндольф, The Holdovers (Қалып кеткендер)
  • Үздік комедия актрисасы — Эмма Стоун, «Бақытсыз кедейлер»
  • Үздік комедия актері — Пол Джаматти, The Holdovers (Қалып кеткендер)
  • Халықаралық үздік фильм — «Құлдырау анатомиясы»
  • Үздік сценарий — «Құлдырау анатомиясы»
  • Үздік саундтрек — «Оппенхеймер», Людвиг Горанссон
  • Үздік ән — «What Was I Made For» Билли Айлиш, «Барби»
  • Үздік киноматография жетістігі (100 млн доллар табыс) — «Барби»
  • Үздік комедия —Йоргос Лантимостың «Бақытсыз кедейлер» картинасы
  • Үздік телесериал — Beef (Кеміргіштер) 
  • Үздік драма сериал — «Мұрагерлер»

Телевидение саласындағы үздіктер

  • Драма сериалының үздік актері — Киран Калкин, «Мұрагерлер»
  • Үздік драма актрисасы — Лили Гладстоун, Killers of the Flower Moon (Гүл айының қылмыскерлері)
  • Комедия мен мюзиклдегі үздік актер — Джереми Аллен Уайт, «Аю»
  • Комедия мен мюзиклдегі үздік актер — Айо Эдебири, «Аю»
  • Сериалдағы үздік актриса — Али Вонг, Beef (Кеміргіштер)
  • Сериалдағы үздік актриса — Стивен Ян, Beef (Кеміргіштер)
  • Екінші пландағы үздік актриса — Элизабет Дебики, «Тәж»
  • Екінші пландағы үздік актер — Мэттью Макфэдиен, «Мұрагерлер»

Дәстүрлі рәсім, «Оскарға» дайындық саналады. Себебі осы рәсімде жүлде алған кино жұлдыздар бір айдан кейін өтетін «Оскарды» да алып жатады.

Айта кетейік, Австралияда Asia Pacific Screen Awards азиялық беделді киносыйлығы өз жеңімпаздарының есімдері жарияланған. Үш қазақстандық фильм – Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу», Дархан Төлегеновтың «Ағайынды» және Айсұлтан Сейітовтың «Қаш» картиналары жүлдегерлер қатарына енді. Айта кететін жайт –  үш фильм де режиссерлердің дебюттік жұмыстары.