ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі 11 қаңтарға дейін ұзарды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі 11 қаңтарға дейін ұзарды / shutterstock

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі 11 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Министрлік қаңтар айындағы ҰБТ-ға қосымша орындар бүгін сағат 17:00-де ашылатынын мәлім етті.

Қысқы тестілеуге өтініш қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарда аяқталуы керек болған. Алайда оқушыларға орын жетпегендіктен, қабылдау мерзімін ұзартып, орындарды кеңейту туралы шешім қабылданған.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Ал тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. Тестілеу қорытындысы ақылы оқуға түсуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін министрлік «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарғанын хабарлаған.

«Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейік, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз