Ақмола, Жетісу, Қарағанды, Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы QazAvtoJol хабарлады.
Белгілі болғандай, ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабылды.
Ақмола облысында:
«Екатеринбург – Алматы» тасжолының – 1292-1353 шақырымына, Жібек жолы ААП – Қарағанды облысының шекарасына дейінгі – 61 шақырымға;
Жетісу облысында:
«Үшарал – Достық» тасжолының – 84-184 шақырымына, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 шақырымға;
Қарағанды облысында:
«Екатеринбург – Алматы» тасжолының – 1505-1854 шақырымына, Новостройка ауылынан Балқаш қаласына дейінгі – 349 шақырымға;
«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» тасжолының 231-324 шақырымына, Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейінгі – 93 шақырымға;
«Қарағанды –Аягөз-Бұғаз» тасжолының 17-217 шақырымға, Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейінгі – 200 шақырымға;
Павлодар облысында:
«Қызылорда-Павлодар» тасжолының 1135-1206 шақырымына, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейінгі – 71 шақырым;
«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 137-231 шақырымына, Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі – 94 шақырымға шектеу қойылып, автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
«Астана – Теміртау» автожолы жабылды. Екі қала арасындағы автокөлік қозғалысы толығымен шектелді.