Қарлы боранға байланысты Астананың бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді

Жарияланды
онлайн

Екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары онлайн оқуға көшеді / Фото: kursiv.media

Қарлы боранға байланысты Астананың бастауыш сынып оқушылары онлайн оқуға көшірілді. Бұл жайлы қалалық Аstana_news телеграм арнасы хабарлады.

«2024 жылғы 8 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады»,- делінген хабарлады.

«Қазгидромет» хабарлауынша, Астанада 8 қаңтарда қалың қар жауып, арасында боран соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жететіні айтылған. Ал күн айтарлықтай суыта қоймайды. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус шамасында болады.

Ал Астана қаласының әкімдігі қардың қалың жауғанына байланысты 1700-ден астам арнайы техника мен 2500-ге жуық жұмысшының қар тазалауға шықққанын хабарлады.

«Қардың мол жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қала көшелерінің қарын тазартып жатыр»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдіктің хабарлауынша, қыс басталғалы қаладан 1 436 205 текше метр қар шығарылған. Ал 7-8 қаңтар арылығында 37 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Еске сала кетсек, желтоқсан айының ортасында күн райының нашарлауына байланысты онлайнға ауыстырылған болатын. Қала әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраған болатын.

Желтоқсанның ортасынан басталған қолайсыз ауа-райы айдың аяғына дейн сақталды. Салдарынан кей өңірлерде жол жұру мүмкін болмады. 15 желтақсанда Жамбыл облысында 11 жолаушылар пойызы жолда қалған болатын. Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлаған. Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде  11 жолаушылар пойызы тоқтап қалды. Олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адамнан болды. Сонымен бірге 12 жүк пойызы өз уақытынан кешікеннен. Осыған байланысты аймақта жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз