Фото: kursiv.media
Жапония Украинаға 37 миллион доллар көлемінде көмек жібереді. Бұл жайлы Жапонияның Сыртқы істер министрі Йока Камикава украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен өткен кездесу барысында айтты.
Киевке іс-сапармен келген Йоко Камикава Украинаға қашан да қолдау көрсететінін мәлімдеді.
«Жапония Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырады. Біздің қолдауымыздың бір бөлігі ретінде Жапония жақында НАТО-ның трасттық қорына дрондарды анықтау жүйелерімен қамтамасыз ету үшін 37 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдады», – деді Йоко Камикава.
37 млн доллардан бөлек Жапония Украинаға бес жылжымалы газ турбиналық генератор мен жеті трансформатор беруді жоспарлап отыр. Мұндай техникалық қолдау Украина азаматтарына қысқы кезеңде қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Еске сала кетсек қыркүйек айында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ-тың Украинаға 1 миллиард доллар көлемінде көмек беретінін мәлімдеді. Сонымен бірге Пентагон Киевке әскери қолдау көрсету үшін 175 миллион доллар бөлетінін хабарлады. Басқа оқ-дәрілермен қатар, жаңа пакетте Abrams танктеріне арналған 120 мм «таусылған уран» снарядтары болатыны хабарланған.