Ресейдің қазақстандық «Балқаш» торабын пайдалануы туралы келісімнің күші жойылды. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2023 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы 2014 жылғы 2 желтоқсандағы қазақстандық Балқаш торабын беру шарттары және оны зымыран шабуылы туралы Ресей ескерту жүйесінде одан әрі пайдалану тәртібі туралы келісім тоқтатылды», – делінген ресми хабарламада.
«Балқаш» торабы Қазақстанда орналасқан және оның меншігі болып табылады. Оның аумағында Ресейдің зымыран шабуыл туралы ескерту жүйесі бойынша технологиялық нысандар бар. Бұл – «Днепр» радиолокациялық станциясы. Бұл жерде радиолокациялық станцияның инженерлік кешен орналасқан. Оның ішінде деректерді сақтау пунктері, әкімшілік ғимараттар, қару-жарақ, техниканы сақтау қоймалары бар.
Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының Қарулы күштерімен келісімшарт жасасқан шетелдіктерге Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды.
Сондай-ақ, Ресей Ақтауда бас консулдықты ашу туралы шешім қабылдады.