Жаңалықтар

Заңсыз жұмыс істеген 1WIN онлайн-казиносын ұйымдастырушыларға халықаралық іздеу жарияланды

 . 

казино
Коллаж: kursiv.media

 «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті.

Істің мәнісі: Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Мыңдаған адамды тартып, лицензиясыз букмерлік қызмет көрсеткен. Ақшалай қаражатты интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылдап, кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берген. 2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңге болған.

Контекст: Онлайн-казино сайты бұғатталып, төрт ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды,  сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Қыркүйекте Ақтөбе облысының үш тұрғыны 490 миллион теңге айналымы бар онлайн-казино ұйымдастырғанын жазған болатынбыз. Олар ойыншыларға нақты ұтыстар бере отырып, тиісті лицензиясыз құмар ойын түріндегі заңсыз қызмет көрсеткен. Алдын-ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 млн теңгені құрады. Ойыншылар саны 800 адамнан асқан.