Британдық компанияның еншілес кәсіпорны Ақтөбе облысында пайдалы қазбаларға барлау жүргізеді

Жарияланды

Британдық компанияның еншілес ұйымына қауымдық сервитуты белгіленеді / Фото: kursiv.media

Британдық компанияның еншілес кәсіпорны Ақмола облысындағы Ерейментау ауданында пайдалы қазбаларды барлау құқығын алады. Кәсіпорынға барлау құқығын беру туралы құжат «Ашық НҚА» порталына жария талқылауға шығарылды.

«КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2029 жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімге Ерейментау ауданының Сілеті ауылы әкімшілік шекараларында жалпы ауданы 13528,0 гектар жер учаскелерін алып қоймастан пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін», – делінген құжатта. 

«КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының  10) тармақшасына сәйкес белгіленеді.

«КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қойлатын талаптар мынадай:  

  • пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауы керек;
  • жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіруі тиіс;

«КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы ALAFIA LIMITED деп көрсетілген.

Қаулы порталда 22 қаңтарға дейін талқылауда болып,  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз