Беларусь билігі Боранбаевты бұрынғы McDonald’s бизнесінен айырды

Жарияланды (жаңартылды )
Боранбаев остался без Mak.by в Беларуси
Фото: shutterstock и olympic.kz

Қайрат Боранбаев Беларусьтегі бизнесінен айырылуы мүмкін. Мемлекеттік Мүліктер жөніндегі комитет Сингапурда орналасқан Mak.by иелері-KSB VICTORY RESTAURANTS Pte мейрамханалар желісін сотқа берді. Бұл туралы Еврорадио агенттігі хабарлады.

Мұндай шешімді Минск экономикалық соты 10 қазанда қабылдады, кейінірек компания Жоғарғы сотқа шағым түсірді және 10 қаңтарда апелляциялық шағымды қарау тағайындалды. Еврорадиода берілген мәлімет бойынша, мүліктің құны шамамен 3 3,75 млн.

Мейрамханалары желісі 2022 жылдың қараша айына дейін McDonald ‘ s деген атпен жұмыс істеді. Көп ұзамай компания Ресей нарығынан шыққаннан кейін, Беларуссиядан да кетті. Оның орнына Ресейлік «Вкусно и точка» бренді келетіні туралы ақпарат тарады. Бірақ Беларусь Президенті Александр Лукашенко ол жерде Беларусь өндірушілерінің жұмыс істеуін талап етті. Сондықтан мейрамханалар 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың сәуіріне дейін ешбір атаусыз жұмыс істеді. Сәуірдің екінші жартысынан бастап олар Mak.by. атауымен жұмыс істеді.

Беларусь еліндегі Mak.by мейрамханалар желісі «KSB Виктори рестораны» компаниясына тиесілі болды. Оның құрылтайшысы сингапурлық KSB Victory Restaurants Pte. Оның акционерлері басқа екі компания: Rapid Food Holding Pte. LTD (90%) және Sengermen PTE. LTD (10%). Біріншісінің иесі – Қайрат Боранбаев, екіншісі – Беларусь азаматшасы Виктория Данько.

Боранбаев 2016 жылдан бастап Қазақстандағы бұрынғы McDonald’s компаниясының иесі болды. 2023 жылдың қараша айының соңынан бастап бренд I am деп аталады. Бұл кәсіпкер үшін өзінде сақталған және мемлекетке қайтарылмаған активтердің бірі.

Айта кетейік, Боранбаевқа тиесілі мейрамхана атауы тағы өзгерді деп хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз