SEC Bitcoin-ETF жайлы X аккаунтында жарияланған ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланды
Шығарушы редактор
SEC Bitcoin-ETF жайлы X аккаунтында жарияланған ақпаратты жоққа шығарды / shutterstock

Белгісіз адамдар АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының (SEC) Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунтын бұзып, биткоинға тікелей инвестиция салуға болатын ETF-тің қосалатыны туралы жалған ақпарат таратқан.

APnews басылымының ақпаратына сүйенсек, SEC парақшасында жарияланған жазбада SEC барлық ұлттық биржада биткоин-қорларының листингін жүргізуге рұқсат береді делінген.

Бір сағат өтпестен SEC өз парақшасын қайтарып алып, жалған жазбаны өшіріп тастаған.

«SEC биткоин өнімдерін ұлттық биржада листингтен өткізіп, сауда-саттық жасауға рұқсат берген жоқ»,– деп жазды комиссия басшысы Гари Генслер өз Х парақшасында.

SEC өкілдерінің айтуынша, комиссия аккаунтын бақылау қайта қалпына келді. SEC оқиғаны тергеу үшін құқық қорғау органдарына жүгінген.

X желісінің әкімшілігі комиссия аккаунтына тіркелген телефон нөмір арқылы шабуыл жасалғанын жазған.

Bitcoin-ETF қорын іске асыру туралы шешімді SEC бірнеше күн ішінде қабылдауы керек. Криптовалюта нарығының өкілдері комиссия биткоин-қорын құруға рұқсат береді деп үміттенеді. 

Bitcoin-ETF қорын құру туралы ақпараттан кейін криптовалюта құны 2% өскен.

2023 жылы криптовалюта нарығында биткоин құны 50% төмендеді. Ең танымал криптовалютаның бағасы кішігірім валюталардың өсуі әсерінен әлсіреген.

Криптовалюта нарығындағы биткоиннің үлесі қазан айындағы 51,5%-дан 49%-ға дейін төмендеген. 100 ірі цифрлық активтер тізіміндегі 30 орта деңгейдегі валютаның көрсеткіші қарашаның алғашқы күндерінде 14% өсті. Өсу қарқыны бойынша бұл көрсеткіш криптовалютаның кең нарық индексін (қарашада 4% өсті) және биткоинді (1% өсті) айтарлықтай басып озды.

GetBlock журналының жазуынша, Грузия Орталық банкі XRP шығаратын Ripple компаниясын цифрлық лари жобасының серіктесі етіп таңдады. Биылғы жылы Биткоин екі есе қымбаттады. Әсіресе қазанда 28% өсті. Өткен айда инвесторлардың АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы биткоинға инвестиция салатын ETF құруға рұқсат береді деп үміттеніп, соның әсерінен криптовалюта нығайды.

Бернштейн сарапшысы Гаутам Чугани қазан айының соңында комиссия 2024 жылдың бірінші тоқсанына дейін Bitcoin-ETF-ті мақұлдай алады. Bitcoin бағасы қазіргі 35 мың доллардан 2025 жылға қарай 150 мың долларға дейін өсуі мүмкін деп мәлімдеді. 2021 жылғы баға шыңында биткоин шамамен 69 мың доллар тұрған. 

Сондай-ақ оқыңыз