Жаңалықтар

The New York Times Алматыны «үлкен ауыл» деп атады

The New York Times Алматыны үлкен ауыл деп атады / shutterstock

The New York Times басылымы Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматыны «Жаңа жылда баруға болатын 52 қаланың» тізіміне қосқан.

The New York Times «Жаңа жылда баруға болатын 52 қаланың» тізімінде Алматы қаласы 25-орынға жайғасқан.

«2 миллион халқы бар Қазақстанның ірі қаласы тыныш көрінгенімен, үлкен ауыл секілді көңілді», – деп жазады басылым.

Басылым Алматының ерекше тұстары ретінде Arasan моншалары, Көк базар мен Вознесенк кафедральді шіркеуі алдында баянда ойнап тұрған азаматты да атап өткен. Қаланың жасыл көшелерімен қыдырып, көбінде ұн, су мен ет араласқан «жаңа көшпенділер» дастарханынан дәм татуды ұсынады.

Тізімге Алматыдан бөлек, 51 қала енген. Алдыңғы қатарда Мексикадағы Масатлан жағажайы, Франция астанасы Париж, Жапониядағы Киото қаласы бар. Тізімге табиғат, өнер, тарих, дастархан және сусынның алуан түрлерін ұсынатын орындар енген.

Осыған дейін 2023 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанға ең көп турист Ресей федерациясы мен Қытай халық республикасынан келгенін жазған едік.

«Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 75 131 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Түркия туристері тұрақтады. Анадолы елінен 41 134 турист келген. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) саяхатшылары енді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) мәліметіне сәйкес, 2018- 2022 жылдары дейін Қазақстан ЖІӨ-дегі туризм үлесі COVID-19 пандемиясына байланыстыі- қатты төмендегенін жазған едік. Тек 2022 жылы туризм 3,9%-ға, пандемияға дейінгі деңгейге жеткен. 

Ресми мәлімет бойынша, туризм саласына кейінгі 3 жылда 4 млрд доллар инвестиция тартылған. Былтыр салынған инвестиция көлемі 513,3 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар осы жылдары елімізде 400-ден астам туристік нысан бой көтерген.