Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы соққыға жығып, өлтірді деген айыппен құрықталған болатын.
Не болды. Салтанат Нүкенованы өлтірген күдікті Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға туралы
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында 9 қараша күні сағат 19.54-те қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасының келген бетте, 1992 жылы туған әйелдің өлімі анықталды. Белгілі болғандай Bau мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталды.
Айта кетейік, Күдікті Бишімбаев 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырған болатын.
9 қаңтарда Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы адвокат Жанна Оразбахова Instagram парақшасына жазған болатын. Жанна Оразбахова кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмайтынын, тараптар материалмен танысып, өтініш бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жолданатынын жариялады.