Қазақстан әскери қуаты жағынан рейтингте 58-орынды иеленді
Қазақстан ҰҚШҰ бойынша барлық одақтасын-Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанды басып озып, әскери күш деңгейі бойынша елдер рейтингінде 145- тен 58-ші орынды иеленді. Жыл сайынғы рейтингті Global Firepower-2024 басылымы ұсынды.
Рейтингте Қазақстаннан кейін Әзірбайжан (59), Беларусь (64), Өзбекстан (65), Түркіменстан (83), Қырғызстан (100), Тәжікстан (107) елдері орналасқан.
Рейтингтің алғашқы бестігінде АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея тұр.
Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстан әлем елдерінің әскери қауқары рейтингінде (Global Firepower) 1,0873 индекспен 63-орынға орналасты.
Сарапшылар рейтингті қорғаныс саласына бөлінетін қаржы, танк, кеме, ұшақ сияқты әскери арсеналдың саны, әскердің жауынгерлік қабілеті сынды 60 түрлі деректі негізге ала отырып түзген.
Қазақстанның қорғаныс саласына қанша қаржы жұмсалады
Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтері бойынша, 2022 жылы Қазақстанның әскери бюджеті 2019 жылдан бастап бір жарым есеге жуық қысқарды және $1,1 млрд немесе 517 млрд теңгені құрады.
2019 жылы Қазақстанның әскери бюджеті 1 1,8 млрд, 2020 жылы – 1 1,5 млрд, 2021 жылы – 1 1,6 млрд және 2022 жылы – 1 1,1 млрд құрады.
Швеция институтының мәліметінше, 2019 жылдан бастап Қазақстанның ЖІӨ-дегі әскери шығындардың үлесі де төмендеп келеді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 1,02%, 2020 жылы – 0,91%, 2021 жылы – 0,82%, 2022 жылы – 0,51% деңгейінде тіркелді.