Жаңалықтар

Ресейлік «Финам» брокері қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

Ресейлік "Финам"

Фото: kursiv.media

Ресейлік «Финам» брокерлік компаниясы қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген. Оның сайты қазір Қазақстанда бұғатталған.

Қаржы мониторингі агенттігі «Курсивтің» сауалына берген жауабында ресейлік ірі брокерлердің бірі қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Ақпарат министрлігі 2022 жылдың 5 шілдесінде finam.ru веб-сайты «қаржы пирамидасының және басқа да алаяқтық ұйымдардың қызметі үшін» Cybernadzor жүйесіне енгізілгенін жеткізді.

«finam.ru сайтын тексерген кезде қаржы пирамидасының белгілері байқалды. Мысалы, аз инвестиция салып, жоғары және жылдам кіріс алуға уәде еткен. Соның ішінде ай сайынғы төлемдер түріндегі қосымша кіріс пен компания қызметтерін ұсына отырып адам тартқаны үшін 20% сыйақы берілетін болған. Бұл брокерлік компания қызметін дос-жаран мен таныстарға ұсынып, кеңес беріп, сондай-ақ клиенттерге қолдау көрсету және жаңа клиенттерді тарту үшін қаржы өнімдері мен қызметтерді сатқан»,– деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.

Агенттік сайт заңсыз контент жарияламаса ғана блоктан шығарылады деп хабарлайды.

2023 жылдың желтоқсанында «Финам» инвестициялық холдингі Қазақстан мен Беларусь нарығына шығатынын мәлімдеді.

Инвестициялық компанияның Беларусь пен Қазақстандағы өкілдіктерінде өзіндік ерекшеліктері болады. 

Владислав Кочетковтың айтуынша, Қазақстанда ресейліктермен де жұмыс істейтін компания құрылса, Ал Беларусьте  криптомен жұмыс істейтін брокер іске қосылмақ. 

Қазақстанда 2014 жылдан бері «Финам»  халықаралық серіктесі – Just2Trade жұмыс істейді. Сондай-ақ қазақстандық инвесторлар Финамның өзімен тікелей  жұмыс істеп, қашықтан шот аша алады. Дегенмен ресейлік холдингтің жергілікті биржаларға әлі де тікелей қатынасы жоқ.