Ресейлік қос компания Қазақстан бағалы қағаздар орталық депозитарийінің үстінен сотқа шағым түсірген

Жарияланды (жаңартылды )
KCSD

Фото: .kursiv.media

Ресейдің екі басқарушы компаниясы Қазақстан бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің « (KCSD) үстінен сотқа шағым түсірген. Іс ресейлік электронды сот төрелігі порталында тіркелген. Ол туралы Forbes басылымы жазады.

Moscow Digital Assets Management шағымын қалалық арбитраж соты 9 қаңтарда тіркеген. Жауапкерлер – Қазақстанның бағалы қағаздар орталық депозитарийі және бельгиялық Euroclear депозитарийі (Мәскеу биржасы құрылымының бөлігі және 2022 жылы ЕО санкцияларына ұшырады). Euroclear депозитарийі 2022 жылдың көктемінде Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің корреспонденттік шоты арқылы сақталған ресейлік инвесторлардың активтерін бұғаттаған. Шағым сомасы 74,11 миллион рубльді құрайды. Осыған ұқсас талап қазан айында берілген, оның сомасы – 676,7 миллион рубльге тең.

Сондай-ақ қараша айында мәскеулік Intellect-Capital басқарушы компаниясы KCSD мен Euroclear-ді сотқа берді. Шағым сомасы сол кезде 376,1 миллион рубльді болды. Екі жағдайда да іс материалдарында қойылған талаптың мәні ашылмаған.

Былтыр KCSD қайталама санкцияларға ұшырамас үшін және Euroclear өтініші бойынша, брокерлерге Ресей мен Беларусь клиенттерінің шоттары жеке есебін жүргізуді тапсырған. Сондай-ақ депозитарий ресейлік эмитенттерге еурооблигацияларды (рубльден басқа валютада көрсетілген) рубльге ауыстырудан бас тарта бастады.

2022 жылы KCSD ресейлік бағалы қағаздарды сақтау және есепке алуға қолайлы орынға айналды. Оның ішінде Ресей үкіметі қарызының негізгі құралы – федералды қарыз облигациялары бар. Оларды Қазақстанға Ресей Федерациясының брокерлері өткізген.

Сонымен қатар Орталық депозитарийге ресейлік эмитенттердің еурооблигациялары түскен. Бұл қағаздарға шетелдік ұстаушылар ресейлік биліктің бұғаттауы салдарынан толық қол жеткізе алмағандықтан, қайта сатып алынған.

Бұл схема брокерлер арасында танымал бола бастады. Өйткені бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде Қазақстан бағалы қағаздар орталық депозитарийін көрсету Euroclear, Clearstream және Ресей Орталық банкіне акциялар мен облигациялардың түпкілікті иесін анықтауды қиындатты. Ресей Банкі бұл жағдайға наразы еді, себебі ол ресейлік депозитарийлердегі шетелдік ұстаушылардың бұғатталған бағалы қағаздарын бақылай алмай қалды.

Ресейлік заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне сәйкес, Digital Assets Management компаниясы Антон Обедковке тиесілі, ол қазір Sunrise Medical фармацевтикалық компаниясын, Rusinvest фермасын және Hermes бөлшек сауда бөлімін басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз