АҚШ Ресейдің активтерін алу туралы шешімді қолдай отырып, Еуропа елдеріне қысым жасағысы келеді. Өйткені негізгі ресейлік қаражат дәл сол жерде, деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Песков Bloomberg-тің АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі шамамен 300 миллиард доллар тоқтатылған активтерді тәркілеп және оларды Украинаға жіберуге мүмкіндік беретін заңды қолдайтындығы туралы хабарламасына түсініктеме берді. Ол Вашингтон Халықаралық инвесторлардың сеніміне нұқсан келтіру үшін мұндай қадам жасап отыр деп мәлімдеді.
Песков бұл шешімнің ауыр салдары болатынын ескертеді. Песков 2023 жылдың желтоқсан айында Ресейдің Орталық банкі 300 миллиард долларлық тоқтатылған резервін алуға жауап ретінде, оларда да тәркіленуі мүмкін басқа елдердің активтерінің тізімі бар екенін атап өтті. РФ Қаржы министрі Антон Силуанов Мәскеу АҚШ-та қабылданған бұл заңға жауап қайтаруы мүмкін екенін айтады.
Bloomberg және Reuters агенттігінің хабарлауынша, ресейлік активтерді тәркілеу немесе пайдалану мәселесі ақпан айында G7 жиналысында, толық ауқымды соғыс қимылдарының екінші жылдығы қарсаңында талқыланады. Вашингтон желтоқсан айында одақтастармен осы тақырып бойынша келіссөздерді бастады, деп хабарлады The New York Times.
Еске салар болсақ, 2023 жылдың желтоқсанында Еурокомиссия Еуроодақта Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен пайдадан 15 млрд доллар жинап, Украинаға көмек көрсету ойлары бар екенін мәлімдеген. Бұл жайлы Financial Times басылымы хабарлаған.
«Сейсенбі күні Брюссель үнемдеу мақсатында Ресейдің ЕО-дағы тыйым салынған активтерінен түскен пайдаға Украинаға 15 млрд еуроға көмек көрсетуді ұсынады»,–деп жазады басылым.
Ұсынысқа сәйкес, бұл қаражат Ресейдің Орталық банкінің активтерінен түсетін кірістерден ғана алынады. Басылым дереккөзінің хабарлауынша, Еурокомиссия бастапқыда бұғатталған активтерден түскен пайданы бөлек шоттарда орналастыруды ұсынуы мүмкін. Содан кейін бұл қаражат ЕО-ның жалпы бюджетіне аударылады.
Комиссия есебінше, мұндай шоттарға жылына 3 миллиард еуроға дейін қаражат жиналуы мүмкін. Осылайша, 2023-2027 жылдар аралығында 15 млрд еуроға дейін қаражат әкелуі мүмкін.