Жаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік сайттарында техникалық жұмыстар жүріп жатыр

Фото:kursiv.media

Техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттары қолжетімсіз. Тек Ақорда мен Үкімет баспасөз қызметтері жұмыс істеп тұр.

«Қазіргі уақытта сайттарда техникалық жұмыстар жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!»,– делінген хабарламада.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлағандай, 2024 жылғы 12 қаңтар сағат 13:00-ден 13 Қаңтар 09:00-ге дейін және 2024 жылғы 13 қаңтар сағат 13:00-ден 14 Қаңтар 09:00-ге дейін «мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы»жобасы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.