Жаңалықтар

Қазақстанның төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығынан трассалар жабылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Не болды. 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Көлік қозғалысы қайда жерлерде жабылды

Ақмола облысында

1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 км,
2. «Жезқазған-Петропавловск» 537-552 км
3. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 70-82 км
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.
(Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ақтөбе облысында

1. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 97-185 км, Қандыағаш қ.-Шұбар а. – 88 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
(бұрқасын, шектеулі көрініс)
2. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 89-234 км, Т.Жургенов а.-Қостанай обл. – 145 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.
(Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Қостанай облысында

1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 386-503 км, Денисовка а.- Рудный қ.– 117 км.
2. «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шек.» 0-137 км, Денисовка а.– РФ.шектеседі – 137 км.
3. «Екатеринбург-Алматы» 418-539 км, Қарабалық а.-Қостанай қ.– 121 км.
4. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 234-386 км, Ақтөбе обл. – Денисовка а. – 152 км.
5. «Екатеринбург-Алматы» 555-729 км, Тобыл қ.- СҚО – 174 км.
6. «Мамлютка- Қостанай» 180-404 км, СҚО шек.-Тобыл қ.– 224 км.
7. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 8-232 км, Тобыл қ.- Ақмола обл. – 224 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді
(бұрқасын, шектеулі көрініс)

Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске
1. «Екатеринбург-Алматы» 729-768 км, Қостанай обл. шек.-Тоқсан би а.– 39 км.
2. «Мамлютка-Қостанай» 103-180 км, Пресновка а.-Қостанай обл. – 77 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.
(Қостанай облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты)

«Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 777 бірлік техника және 1466 жол жөндеуші жұмылдырылды«, – делінген хабарламада.