2024 жылы 1 қаңтардан бастап сақтандыру омбудсменіне жүгіну сақтандыру дауларын реттеу бойынша сотқа жүгіну алдындағы міндетті қадамға айналады. Бұл заң 2022 жылдың жазында қабылданған.
Сақтандыру төлеген азаматтар дауласу кезінде талап ете алатын сомасы 2024 жылғы жағдай бойынша 10 000 АЕК немесе 36,9 млн теңгеден аспауға тиіс.
«Сақтандыру омбудсменіне оның Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28/7, 2-қабат мекенжайы бойынша орналасқан кеңсесіне тікелей жүгінуге болады. Сондай-ақ өтінішті сақтандыру омбудсменінің (www.omb.kz) арқылы немесе оның электрондық мекенжайына: office@omb.kz жіберуге болады. Сонымен қатар сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсменіне оның филиалы, өкілдігі арқылы немесе сақтандыру ұйымының сайтына өтініш жіберуге міндетті»,– делінген ҚНРДА хабарламасында.
Шешім қабылдамас бұрын сақтандыру омбудсмені дауласқан екі тарапты тыңдап, құжаттаманы зерттеп, қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды сұрайды. Клиент үшін дербес және өтеусіз келтірілген залалдың мөлшеріне қосымша бағалау жүргізіп, қолданыстағы заңнама шеңберінде ұсыныс жасайды.
Сақтандыру дауларына байланысты омбудсмен өзіне жүгінген тараптың мүдделерін қорғайды. Омбудсмен қызметі тегін.
Егер клиент омбудсмен қабылдаған шешіммен келіссе, сақтандыру ұйымы оны орындауға міндетті. Сақтандыру ұйымының клиенті сақтандыру омбудсменінің шешімімен келіспеген жағдайда, клиент өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде өтініш беруші дауды сотқа дейінгі реттеудің міндетті кезеңінен өткенін растау ретінде сақтандыру омбудсменініңшешімін ұсынуы қажет.
2024 жылдан бастап жол апаты жиі болатын өңірлерде автокөлікті міндетті сақтандыру құны қымбаттайтыны белгілі болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті сақтандыруға қатысты автокөлікті сақтандыру бағасы әр өңірдегі жол-көлік апатының көрсеткішіне байланысты өзгереді.