Ақмола облысында автобус бұзылып, 65 шетел азаматы қар құрсауында қалды
Ақмола облысында полицейлер автобус бұзылып, тасжолда қалған шетелдіктер құтқарылды. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады.
«14 қаңтарға қараған түні Астана-Петропавловск республикалық автожолында Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус істен шықты: ауа құбыры жарылды. Жолда жүргізуші мен 65 жолаушы қалды, оның ішінде 10 жасар бала мен 14 әйел адам болған. Олардың барлығы Тәжікстан азаматтары»,– делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жүргізушімен бірге сол жерде ақауларды жойып, автобусты Ақкөл қаласындағы ең жақын жылыту пунктіне апарып тастады.
«Мұнда шетелдіктер жолдың ресми ашылуына және қозғалыстың қайта басталуына дейін болады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше Жетісу және Жамбыл облыстарында жол учаскелері жабылды деп хабарладық. «QazavtoJol» 11-13 қаңтар аралығында ауа райының күрт бұзылып, -32 градусқа дейін аяз болатынына байланысты ескерту жариялаған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты «QazavtoJol» қазақстандықтарға сапарға шықпас бұрын ауа райы туралы ақпаратқа назар аударуға шақырды. Ал автожолдар туралы ахуалды білу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарласу ұсынылған.
Компания мәліметінше автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қар тазалау техникалары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 312 бірлік техника және 480 адам жұмылдырылған.
Айта кету керек, 14 қаңтар күні 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында – 5 учаске 1.«Астана-Петропавловск» 18-234 км, уч. Астана қ. -Щучинск қ. – 216 км. 2.«Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл. шек. – 61 км. 3. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51 км, Қабанбай батыр а. -Қарағанды обл.шек. – 16 км. 4.«Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-200 км, Астана қ. – Павлодар обл. шек. – 184 км. 5.«Жезқазған-Петропавловск» 377-440 км, Қостанай обл.шек. -Державинск қ. – 63 км.
Жетісу облысында – 1 учаске 1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс, екпінді жел)
Қарағанды облысында – 5 учаске 1.«Екатеринбург-Алматы» 1505-1610 км, уч. Новостройка а. -Ақсу Аюлы а. – 105 км. 2.«Екатеринбург-Алматы» 1353-1445 км, Ақмола обл.шек.- Теміртау ААП – 92 км. 3.«Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ.-Павлодар обл. шек. – 165 км. 4. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а. -Новостройка а. – 16 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 5. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-101 км, Ақмола обл.шек. -Нұра а. – 50 км. (Ақмола облысындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты)
Қостанай облысында – 1 учаске 1.«Жезқазған-Петропавловск» 339-377 км, Арқалық қ. -Ақмола обл. шек. – 38 км. (Қарағанды облысындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты)
Павлодар облысында – 3 учаске 1.«Қызылорда-Павлодар» 1135-1206 км, Қарағанды обл.шек. -Шідерті. – 323 км. (Қарағанды облысындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты) 2.«Астана-Ерейментау-Шідерті» 200-259 км, Ақмола обл.шек.-Шідерті а.– 59 км. (Ақмола облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 3.«Ленинский-Иртышск-Русская Поляна» 0-263 км, Ленинский а.-РФ шек. – 263 км.