Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдиновты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз-қызметі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп жазылған хабарламада.
Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылында дүниеге келген. 2021 жылдың қарашасынан бері Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымында болған. Әскери шені: генерал-лейтенант.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болған Марат Құсайынов Президент өкімімен лауазымнан босатылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды