Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы шамамен 38 млрд долларға жетті
Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас Қазақстан мен Еуропалық одақтың сауда-экономикалық қатынастарын нығайту, жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.
Кездесу аясында тауар айналымын ұлғайту, инвестициялар тарту, көлік-логистика саласындағы мәселе сөз болды.
«Біз өзара сенім мен құрметке негізделген Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығын одан әрі кезең-кезеңмен дамытуды қолдаймыз», — деді Әлихан Смайылов.
ЕО – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.
ЕО үлесіне сыртқы сауданың шамамен 30%-ы және тартылған инвестициялардың шамамен 40%-ы тиесілі.
Айта кетейік, өткен жылдың 11 айында тауар айналымы 5%-ға жуық өсіп, шамамен $38 млрд-қа жетті.
«Бүгінде Қазақстанда 6 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, оның 130-ы өткен жылы ғана қосылды. Еуропаның инвестициялық қоғамдастығын бірлескен жобаларға кеңінен қатысуға шақырамыз», — деді Әлихан Смайылов.
Өз тарапынан Еуропалық комиссияның вице-президенті Қазақстанның Еуропалық одақ үшін маңызды әріптес екенін атап өтті.
«Қазақстанда ауқымды жаңғырту процестері жүріп жатқанын білеміз. Еуропалық одақ атынан Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі маңызды ойыншы етіп отырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан реформалардың маңыздылығын атап өткім келеді», — деді Маргаритис Схинас.
Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сауда көлемі 2022 жылы рекордтық деңгейге, 38%-ға артып, 40 млрд.долларды құраған еді.
Ал, қазан айында Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Комиссиямен өткен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасын кеңейту туралы арнайы келісім жобасы талқыланғаны хабарланған еді.
Ал, қараша айында Еуразиялық Одақ пен Еуропа қайта құру жәну даму банкі «Тау-Кен Самұрық» компаниясымен серіктесетіні хабарланды. Онда шикізат саласындағы екі жобаны техникалық қолдайтыны айтылған. Ниет декларациясына жыл сайынғы «Шикізат апталығы» аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс миистрлігі мен ЕО-ЕҚДБ қол қойған.
Қолдау «Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындары» және «Арал теңізінің тұзды батпақтарынан литий өндіру» жобаларына қажетті техникалық бағалау жүргізуге бағытталған.
Бұл жобалардың жалпы құны 400 мың еуро болса, соның ішінде 200 мың еуроны ЕО салады деп болжанып отыр.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспановтың айтуынша, Қазақстан қазіргі кезде ЕО-ның 34 маңызды шикізатының 19 түрін өндіреді.
Сонымен қатар, Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі елшілігінде Kazakhstan Forum Astana Group пен Люксербургтік Lobox Architects компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Алайда министрлік бұқ келісімнің егжей-тегжейін нақтыламаған.