Қазақстандық инвестор Қайрат Итемгенов ең ірі жүк теміржол операторының 32% акциясын алады
ТМД нарығындағы ең ірі жүк теміржол операторларының бірі саналатын Globaltrans компаниясының 32% үлесі қазақстандық бизнесмен Қайрат Итемгеновтің иелігіне өтеді. Бұл туралы kommersant.ru жазды. Globaltrans компаниясының негізін қалаушы төрт құрылтайшысының үшеуінің акцияларын қазақстандық кәсіпкер сатып алуда.
Қайрат Итемгеновтің басты активтері фармацевтика мен қонақүй саласында. Итемгенов компанияның 32%-ға жуығына иелік етеді, ал компанияның қалған 56%-ы еркін айналымда болады.
Қазақстанда тіркелген Қайрат Итемгенов бақылайтын «Aqniet Capital» ЖШС Никита Мишин, Константин Николаев және Сергей Мальцевтің Onyx Investments Ltd, Mapple Valley Investments Ltd және Goldriver Resources Ltd арқылы басқарған акцияларын сатып алуды аяқтады.
Мәмілелер нәтижесінде Қайрат Итемгенов Globaltrans акцияларының 26,2% (байланысты емес акционерлерден сатып алынған шағын үлестерді қоса алғанда) иегері болды.
Ал 2024 жылдың екінші жартысынан кешіктірмей, Александр Елисеев пен басқа бір байланысты емес акционердің үлесін сатып алу үшін тағы екі келісілген мәміле жабылғаннан кейін, Globaltrans-тың жаңа иесінің үлесі 31,6%-ға жетеді.
Компания құрылтайшыларының бірі Андрей Филатов (оның Marigold Investments акцияларының 11,5% иеленеді)қана Globaltrans капиталынан кетпейді. Ол Globaltrans бизнесінен кетуді жоспарламағанын айтты.
Globaltrans ақпаратты растады.
Globaltrans компаниясы жайлы
Globaltrans – ТМД нарығындағы ең ірі жүк теміржол операторларының бірі. 2004 жылы Андрей Филатов, Никита Мишин, Константин Николаев, Сергей Мальцев және Александр Елисеев негізін қалаған. Олар осы уақытқа дейін компанияның 43%-ға жуық акциясына ие болды. Компания капиталының 56%-ы еркін айналымда.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Infoline Rail Russia Top операторлары рейтингінде 6-орында болған. Басқаруында шамамен 66 мың вагон бар. 2023 жылдың ортасына дейін оның 62 мыңы өз меншігінде болған. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша Globaltrans-тың таза пайдасы 1,7 есе өсіп, 24,9 млрд рубль болған. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы тағы да 1,7 есе өсіп, 20,9 млрд рубльге жеткен. Ал түсім 2%-ға артып, 43,3 млрд рубльге өскен.
Қайрат Итемгенов байлығы
Қайрат Итемгенов Forbes журналының Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде. Ол Қазақстандағы ең ірі дәріханалар желісінің бірі Europharma және аймақтардағы Arzan Pharm дәріханалар желісін басқаратын Aqniet Group компаниясына ие. Сондай-ақ ол Мәскеудегі Movenpick және Pana қонақүйлеріне, Novotel Living және Ibis брендтері ұсынылған Алматыдағы Жетісу қонақүй кешеніне, сондай-ақ энергетика саласында жұмыс істейтін ірі мердігер – KBI Energy компаниясына ие. Логистика саласында оның тауарды автомобильмен жеткізумен