«Фридом Финанс» активтері 2023 жылы 1,5 есе өсті
«Фридом Финанс» акционерлік қауымдастығының активтері 2023 жылы 111,7 млрд теңгеге яғни 1,5 есе өсіп, 316,9 млрд теңгеге жетті.
«2023 жылғы 31 желтоқсанда активтер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 111,7 млрд теңгеге (54,5%) ұлғайды және 316,9 млрд теңгені құрады. Бағалы қағаздар портфелінің 83,3 млрд теңгеге немесе 64%-ға; басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың және реттелген борыштың 30 млрд теңгеге немесе 45%-ға ұлғаюы нәтижесінде өсімге қол жеткізілді», – делінген компания хабарламасында.
Компания ақпаратына сүйенсек, тікелей РЕПО бойынша операциялардың 85,98 млрд теңгеге немесе 113,5%-ға ұлғаюына байланысты міндеттемелер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 79,42 млрд теңгеге немесе 93,1%-ға өскен. Сондай-ақ басқа міндеттемелердің 6 млрд теңгеге немесе 99%-ға азаюы байқалады.
Меншікті капитал 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 32,3 млрд теңгеге немесе 27%-ға өсті.
«2023 жылғы таза кіріс 2022 жылғы таза кіріспен салыстырғанда 14,8 млрд теңгеге немесе 70,2%-ға азайды. Бірінші кезекте бұл тікелей РЕПО бойынша операциялардың сыйақысын төлеуге байланысты шығыстырдың 17,48 млрд теңгеге немесе 261,2%-ға; операциялық шығыстардың 7,87 млрд теңгеге немесе 131,6%-ға; шетел валютасын қайта бағалау бойынша шығыстардың 1,27 млрд теңгеге немесе 13%-ға; басқа да шығыстардың 0,83 млрд теңгеге немесе 56%-ға өсуімен байланысты», – делінген хабарламада.
Бір жылдағы жарғылық капитал 98,5 млрд теңгені құрайды. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін 86 мыңға жуық шот ашылған. 2023 жылы мәмілелер саны 948 мыңнан асты. 2023 жылы қазан-желтоқсанда 14 мыңға жуық шот ашылып, 2,5 млн-нан астам мәміле жүргізілді.
2023 жылғы қазанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Freedom Finance Global PLC компаниясына Қазақстанда қор нарығындағы опциондарды саудалауға бөлшек инвесторлардың қол жеткізуі мүмкіндігін ұйымдастыру жөніндегі пилоттық жобаны сеніп тапсыру туралы шешім қабылдады. Жоба 2024 жылғы қаңтардан бастап іске асырылады.
2023 жылғы қарашада AFSA сондай-ақ Freedom Finance Global PLC компаниясының реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясын кеңейтті, оны ұжымдық инвестицияларды басқаруды жүзеге асыру лицензиясымен толықтырды. Компания жаңа лицензияға сәйкес инвестициялық қорларды құруға, АХҚО-дағы инвестициялық қорларды басқарушы компанияның функциясын жүзеге асыруға, оларға инвесторлардың қаражатын тартуға құқылы.
2023 жылы 11 желтоқсанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы «Банк Фридом Финанс Қазақстан» акционерлік қоғамына банк холдингі мәртебесін иеленуіне рұқсат берген.
Бұған дейін, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Freedom Holding Corp. мен оның Қазақстан нарығында жұмыс істейтін еншілес ұйымдары: «Банк Фридом Финанс» АҚ, «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ, «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-ның қаржылық тұрғыдан орнықты екенін растаған еді.