Әлемдегі ең көп сатылған смартфон белгілі болды
Apple Inc. 2023 жылы алғаш рет ең көп сатылған смартфон өндірушісі болды. Нақты айтсақ, былтыр компанияның нарық үлесі 20,1% -ға жетті. Ал Samsung болса, 2010 жылдан бері алғаш рет көшбасшылығынан айырылып қалды. Бұл мәліметтерді International Data Corporation есебінен көруге болады.
«Екінші жартыжылдықта Android платформасында қолжетімді, қымбат емес ұялы телефондардың сатылымы өсті. Оның ішіне-Transsion және Xiaomi құрылғылары кіреді. Алайда басты жеңімпаз Apple болды», – деп атап өтті IDC worldwide Tracker зерттеу бөлімінің басшысы Набила Попал.
Оның айтуынша, Apple үздік үштіктің бірі ғана болып қоймай, алғаш рет сатылым бойынша бірінші орынға көтеріле алды.
Оңтүстік Корея шығаратын Samsung Electronics өткен жылы сатылымды 13,6% – ға, қытайлық Xiaomi 4,7% – ға, OPPO 9,9% – ға қысқартты.
Сонымен қатар смартфондар нарығына жаңадан қосылған қытайлық Transsion сатылымды 30,8% – ға арттырған болатын.
Айта кетейік, Apple патенттік дауға байланысты екі смарт сағаттарының сатылымын тоқтатады деп хабарлаған болатынбыз.