Қытай банктері Ресейге қатысты шектеулерді күшейтеді
АҚШ Ресейге көмектесетін шетелдік қаржы компанияларына санкция енгізгеннен кейін, Қытайдың мемлекеттік банктері ресейлік клиенттерді қаржыландыру бойынша шектеуді күшейтті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлаған болатын.
«Енді Қытайдың мемлекеттік банктері клиенттерді кешенді тексеруді күшейтеді. Соның ішінде олардың кәсібі, коммерциялық және кәсіпкерлік қызметтен түскен табысын тексеретін болады», – делінген хабарламада.
Агенттіктің хабарлауынша, тексеру жұмыстары РФ-да бизнес жүргізетін немесе Ресейге маңызды тауарларды үшінші елдер арқылы тасымалдайтын кәсіпкерлерге де қатысты.
«Қытай банктері АҚШ-тың санкция тізіміне енген клиенттерімен байланысты үзіп, кез-келген қаржылық қызмет көрсетуді тоқтатады»,– деп хабарлады ақпарат көздері.
Айта кетейік, осыған дейін Қытай АҚШ-тың бес компаниясына санкция салады деп хабарладық.