Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановты әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды. Бұл жайлы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінң хабарлауынша Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарауды аяқтаған. Бұған дейін бірінші сатылы сот Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған екен. Алайда аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеген.
«Алматы қалалық сотының алқасы, Алматы қаласының МАӘҚС қаулысын өзгерті.
ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігі – әкімшілік ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қарастырады. Сот алқасының қаулысымен Р.Тұрлыхановқа қатысты жаза – ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді»,– делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрған үшін әкімшілік ескерту алғаны хабарланды. Ол 2023 жылдың күзінде де жұбайын ұрып, екеуі татуласқаны себепті жазадан құтылған.
2024 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тұрлыхановқа қатысты зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша істі қарап, жұбайын ұрып-соққан әнші Рахат Тұрлыхановқа әкімшілік ескерту жасаған.
«Рахат Тұрлыханов кінәсін мойындады. Жасаған ісіне өкініп, тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады», – делінген хабарламада.
Кейін Рахат пен жұбайы видео мәлімдеме жасап, бұл жәй ғана отбасылық келеңсіздік екенін, қазір жағдай реттелгенін айтқан.
Бұған дейін Рахат Тұрлыхановтың туысы мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты істі Әскери сот алқасы қараған болатын. Нұрасыл Болат алматылық ерлі-зайыпты заңгерлерді ұрғаны үшін 1 миллион 700 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелген еді.
Айта кетейік тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатайды. Заңанамдағы өзгерістерге сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейді.