Жаңалықтар

ЕО-ның 2024-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бюджеті қайта қаралады

Фото:trt.net.tr

Еврокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украинаға макроқаржылық көмекті ескере отырып, ЕО-ның 2024-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бюджетін қайта қарау қажеттігі турала хабарлаған болатын. Ол бұл мәселе міндетті түрде шешімін табатынына сенімді екенін мәлімдеді.

Еврокомиссия төрағасының айтуынша, бюджетті қайта қарау тек Украина үшін ғана емес. Бұл сондай-ақ ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігін қолдау, көші-қон мәселелерін шешу, Батыс Балқанға көмектесу және орман өрттері мен су тасқыны сияқты табиғи апаттар үшін қажет.

10 қаңтарда Еуропалық Одақ елдерінің тұрақты өкілдер комитеті «Украинаны қалпына келтіруді, қайта құруды және модернизациялау» бойынша ішінара келіссөздер мандатын мақұлдағанын хабарлаған болатын.

ЕО-ның ұзақ мерзімді бюджетін қайта қарау мәселесінің кезектен тыс отырысы 1 ақпанға жоспарланып отыр.