«Мәтен Петролиум» 1,5 млрд теңгеге мұнай-газ барлау компаниясын сатып алмақ

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Мәтен Петролиум

Фото: kursiv.media

Акцияларының 96,3 пайызы шетелдік компанияға тиесілі Мәтен Петролиум 1,5 млрд теңгеге Priority Oil&Gas ЖШС-нің 99,9 пайыз акциясын сатып алмақ. Бұл туралы хабарлама Қазақстан қор биржасының сайтында орналастырылған.

Priority Oil&Gas компаниясы сатып алу туралы шешімді компанияның директорлар кеңесі 2024 жылдың 16 қаңтарында қабылдаған.

«Қоғам ҚР Энергетика министрлігінен осыған тиісті рұқсат алған жағдайда, қоғамның «Priority Oil&Gas» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайтуға қатысуы және «PRIORITY OIL & GAS» ЖШС жарғылық капиталына 1 499 895 000 теңге жарна енгізу жолымен компанияның 99,9 пайыз үлесін иеленсін», делінген хабарламада.

«Мәтен Петролиум» компаниясы 2010 жыл құрылған. KASE-дегі дерек бойынша, компанияның 96,7 пайыз акциясы шетелдік – SINO-SCIENCE NETHERLANDS ENERGY GROUP B.V. компаниясына тиесілі. Ал 3,3 пайыз акциясына Бахаридин Аблазимов иелік етеді. Бахаридин Аблазимов – Қзақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде 31-орында тұр.

Компанияның 2023 жылдың 9 айына арналған аудиторлық есебінде жоғары да аталған компанияның түпкі иесі Хуэй Линг екені жазылған. Компания директоры Тянь Кэцзянь.

Компания Атырау облысындағы мұнай кен орындарына иелік етеді. Компанияның Қара-Арна кен орнынан көмірсутек өндіру жайлы келісім-шартының мерзімі 2023 жылдың сәуірінде аяқталуы тиіс еді. Алайда қосымша шарт жасалып, келісім мерзімі 2038 жылға дейін ұзартылған.

Сонымен қатар Шығыс Көкарна кен орнында 2028 жылға дейін мұнай өндіру құқығына ие. 2043 жылға дейін «Мәтен» мұнай-газ кен орнын игереді.

Ал 1,5 млн теңгеге сатып алатын «Priority Oil&Gas» ЖШС 2023 жылдың сәуірінде құрылған. Компанияның жалғыз қатысушысы – Рамиль Кимуров, ал директоры Бицин Чжан. Компания Атырау облысында геологиялық барлаумен айналысады.

Айта кетейік, 2023 жылы «ҚазМұнайГаз «ҰҚ мен Энергетика министрлігінің арасында жаңа кен орнын игеруге қатысты келісімге қол қойылды.

Келісім бойыннша, Атырау және Маңғыстау облысында орналасқан Қаратон Подсолевой жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау мен өндіру жұмысы жүргізілмек.

Сондай-ақ оқыңыз