Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 34,7 трлн теңгеге жетті
Фото: kursiv.media
2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі тарихи рекорд жаңартты. Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, былтыр желтоқсан айында депозиттер 7,6% өскен.
Ал бір жылдық өсім 12 пайызды құрап, жинақталған депозит қаржысы 34,7 трлн теңгеге жеткен.
Соның ішінде ұлттық валютада сақталған депозиттердің көлемі 26,6 трлн теңгені құрайды. Шетел валютасында сақталған депозиттердің көлемі 8 трлн теңгеден асады.
Кейінгі кезде Қазақстан банктеріндегі жинақты долдармен сақтау деңгейі төмендеп келеді. 2023 жылы доллармен сақталған депозит көлемі 32 пайыз болса, 2023 жылдың желтоқсанында ол 23 пайызды құраған.
Биыл тамыз айында да еліміздегі депозит көлемі өсіп, долларландыру деңгейі тарихи минимумды жаңартқан. Тамызда депозиттердің долларлану деңгейі 25 пайызға құлдыраған.
Депозиттердің 15,82 трлн теңгесі банктік емес заңды тұлғаларға тиесілі болса, 18,84 трлн теңгесі – жеке тұлғалардың жинаған қаражаты.
Қазақстанда 21 банк бар, оның 12-сі – шетелдік акционері бар несие ұйымдары.
Осы орайда Банктердегі жинақтың қай түрі тиімді, депозит таңдағанда неге мән берген жөн екені мына материалда жан-жақты жазылған.
Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған депозиттердің үш түрі бар:
- Мерзімді емес (ақшаны еркін толықтыру және алу);
- Мерзімді;
- Жинақтаушы.
Қаражатты жинақтау мен көбейтудің ең тиімді нұсқасы – жинақтаушы депозиті. Бұл теңгедегі депозиттер арасында ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар алынбайтын депозит. Мөлшерлеме Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілеріне байланысты өзгереді, бірақ жинақтаушы депозит үшін олар мерзімді және әсіресе, мерзімді емес депозиттерге қарағанда әрқашан жоғары болады.