Елімізде  балық шаруашылығына субсидия беріледі

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:turkmenportal.com

Елімізде балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев айтты.

Министрдің айтуынша, бұл балық өсіруге пайдаланатын суды беру құнының шығынын ішінара өтеуді көздейді. Бұл субсидия суармалы егістік өкілдеріне берілетін субсидияға қарап отырып әзірленді.

Сондай-ақ балық өсіруге пайдаланылған судың құнынан 40 пайызын мемлекет өтеп береді.

Балық шаруашылығын дамытуға арналған заң жобасында балық өсіру жобасына алынған несиенің пайыздық сыйақысын ішінара өтеу ұсынылып отыр.

«Балық өсіретін қожалықтар жобаға несие алады дейік. Сол кредитке ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі сияқты 6 пайызға дейін субсидия беріледі. Нарықта кредиттің пайыздық мөлшерлемесі 20-22 пайыз ғой, соның 6 пайызын — өзі, қалғанын — мемлекет өтеп береді», — деді Нұркен Шәрбиев.

Сондай-ақ оқыңыз