«Home Credit Bank» 15 млрд теңге дивиденд төлейді

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:Shutterstock

«Home Credit Bank» акционерлері дивидендтер төлеу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

«Home Credit Bank 2022 жылдың қорытындысы бойынша 14,9 млрд теңге пайдасын дивиденд төлеуге жұмсайды», – делінген хабарламада.

Бір жай акцияға есептегенде дивидендтер 429,9 мың теңгені құрайды. Банк акционерлер арасында өткен жылы тапқан таза кірістің 88,2%-ын бөледі. Қалған 2 млрд теңге капиталды толықтыруға бағытталатын болады.

Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың 24 қаңтарында дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі бекітіледі. Ал дивидендтерді төлеу 2024 жылдың 26 қаңтарында басталады.

Өткен жылдың алғашқы үш тоқсанында Home Credit Bank жиынтық активтері 707,9 млрд және капиталы 152,3 млрд болған кезде 20,2 млрд теңге таза пайда тапты.

Айта кетейік, Home Credit Bank 2022 жылға дивиденд төлемейді деп хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз