Жаңалықтар

Пәкістанның Иранға шабуылы салдарынан 9 адам мерт болды

Пәкістан мен Иран арасында қарулы қақтығыс басталды. Пәкістанның зымыран шабуылынан Иранның Сераван қаласында қаза тапқандар саны – 9 адам. Бұл туралы Коммерсанть сайты хабарлады.

 «Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 04:30-да Сераванның шекаралас ауылдарының бірінде бірнеше жарылыс болды. Пәкістаннан атылған жарылыстар нәтижесінде екі ер адам, үш әйел және төрт бала мерт болды», – делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 16 қаңтарда Иран Пәкістан аумағындағы нысандарға соққы жасаған. Ирандық БАҚ шабуылдар «Джейш әл-Адл» тобының штабтарын жоюға бағытталды деп мәлімдеді. Пәкістан СІМ мәліметтері бойынша, бұл шабуылда екі бала қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған.