Жаңалықтар

Еуропарламент Қазақстан және Орта Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейту туралы қарар қабылдады

Европарламент намерен бороться с Россией и Китаем за влияние в Казахстане и странах ЦА

Еуропарламент Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас бойынша ЕО стратегиясын қайта қарау туралы қарарды қолдады. Оған аймақтағы «құбылмалы» геосаяси жағдай ықпал етіп отыр. Бұл туралы DW басылымы жазады. Қарарда ЕО пен Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық ынтымақтастығын кеңейту көзделген.

Сәрсенбі, 17 қаңтарда өткен кеңейтілген отырыста депутаттардың 543-і аталған қарарды қолдады. 42 депутат қарсы дауыс беріп, 44-і қалыс қалды.

Жиында германиялық депутат Карстен Люке баяндама жасады. Оның сөзінше «Украинаға соғыс ашқан Ресей оқшауланды. ЕуроОдақ болашақта Шығыс Еуропа бағытында кеңеюді көздейді. Ал, Орталық Азияда Қытай ықпалы күшейіп келе жатыр. Осы жағдайлар Еуропа Одағының стратегиясын толықтай қайта қарауды және ондағы мызғымас автократ ойыншыларға балама ретінде аймақпен қарым-қатынасын арттыра түсуді талап етіп отырғанын» мәлімдеді

«Біздің жаңа геосаяси ортада – жаңа серіктестік үшін жаңа әдістерді таңдау – аса маңызды» деп жазды депутат өзінің Instagram парақшасында.

«Еуропарламент депутаттары Еуропа Одағы елдерін Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жеделдете түсуге және «геостратегиялық маңызын» ескере отырып, біздің аймақпен стратегиялық серіктестігін ілгерілетуге табанды түрде шақырды», — делінген резолюцияда.

Еуропарламент Қазақстан туралы

  • Еуропарламент «Қазақстандағы демократияны, заң үстемдігін және елдің тиімді басқарылуын нығайтуға тиіс саяси және экономикалық реформалардың одан әрі жүзеге асырылуын құптайды»;
  • Депутаттар Қазақстанның Еуропалық Одақпен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) ратификациялаған Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекет екенін атап өтті.

Ынтымақтастық мәні

Қарарда «Ортадағы дәліз» аталып кеткен – Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) мүмкіндіктерін кеңінен қолдану көзделген.

Сонымен қатар депутаттар энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесін де қозғады. Олар еуропалық саясаткерлерді «Еуропа Одағының шикізат пен энергияға қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті негізде қол жеткізуіне кепілдік бере отырып», Орталық Азия елдерінің жаңа технология мен жұмыс орындарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге шақырды.

Бұған дейін Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О’Салливан Қазақстанмен ынтымақтастықты оң бағалаған еді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, қазір Қазақстан шектеу қойылған белгілі бір тауар тобын жеткізу динамикасы, төмендетті. Еліміз экспорттық бақылауға қатысты барлық халықаралық міндеттемесін тиісінше орындап отыр.