Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Италияға келді

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысын қрсы алу рәсіміне Құрмет қарауылы қатысты. Ал мемлекеттің ресми өкәлдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевты Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто мен Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.
Ақорданың хабарлауынша, бұл сапарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелламен және Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
«Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр»,- делінген Ақорда хабарламасында.
Ал 19 қаңтар күні мемлекет басшысы Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесуі тиіс.