Адамдар тірі кезінде донор болудан қалай бас тарта алады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:kkck.ru

Адамдар тірі кезінде донор болудан қалай бас тартуға немесе қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісуге болады? Бұл сауалдарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауап берген болатын.

«Қайтыс болғаннан кейінгі ерікті ағза донорлығының тақырыбы әлі де көптеген сұрақ мен күмән тудыруда. Бірақ егер адам басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өзі қайтыс болғаннан кейін донор болуға шешім қабылдаса, онда ол кез келген уақытта «Электрондық үкімет» порталында немесе медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгініп, келісім білдіре алады, бұл тіркелген жері бойынша емхана да болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Министрліктің айтуынша, сондай-ақ eDensaulyq бөлімінде eGovMobile мобилдік қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ келісіміңізді тіркей аласыз.

«Өтініш бергеннен кейін сіз оны өңдеу және келісімді растау туралы бірден жауап аласыз. Сіз қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісімді тіркеу туралы анықтама ала отырып, мемлекеттік қызмет нәтижелерімен бірден таныса аласыз», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, донорлыққа келісімді немесе бас тартуды шектеусіз беруге болады. Осылайша, адам кез-келген уақытта өз шешімін өзгерте алады.

Сондай-ақ оқыңыз