Жаңалықтар

«Бұл ұлтқа төнген қауіп»: кибершабуылға ұшыраған БАҚ өкілдеріне араша түскен “Әділ сөз” қоры полициядан қылмыстық іс қозғауды талап етті

Фото: shutterstock и polisia.kz

Кибершабуылға ұшыраған БАҚ өкілдеріне араша түскен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры полициядан қылмыстық іс қозғауды талап етті.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры еліміздегі Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына жасалған кибершабуылдардың көбеюіне алаңдаулы.

«Мұндай шабуылдардың санының артқаны сонша, мәселен, қордың мониторингі бойынша, 2022 жылы 32 кибершабуыл болса, 2023 жылы 52 жағдай тіркелді. Бұл шабуылдардың барлығы танымал әрі беделді Kursiv.Media, ProTenge, Atameken Business, «Обожаю», Shishkin_like басылымдарына жасалды»-делінген хабарламада.

Бұл үрдіс БАҚ қызметінің еркіндігіне ғана емес, сонымен қатар біздің еліміздің демократиялық мемлекет ретіндегі беделіне қауіп төндіреді, бұл оның әлемдік рейтингтердегі орнын нашарлатады.

«Кибершабуылдардың саны мен қарқындылығы БАҚ-тың экономикалық тұрақтылығына соққы бере отырып, редакторлардың жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Олардың қалыпты жұмыс істеуі мүмкін болмайды, сайттар мен аккаунттар қолжетімсіз болады, оқырмандар саны азаяды, ал редакциялардың өздері ондаған миллион теңгелік қаржылық шығынға ұшырайды»-делінген қордың мәлімдемесінде.

Шабуылдаушылар өз мақсаттарына жету үшін әртүрлі тәсілдерді қолданады: DDoS шабуылдары, спам, электрондық пошта мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзу, жалған аккаунттар, бот шабуылдары, әлеуметтік медиа әкімшілігіндегі негізсіз шағымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының аккаунттарын бұғаттауға және тіпті жоюға әкеледі, жеке деректерді ұрлау және тарату, кибер-буллинг, телефон спамы.

Технологияның дамуымен және осындай қылмыстық әрекеттердің көбеюі артпаса кемімейтін сияқты.

«»Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры бұл шабуылдарды журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру фактісі ретінде қарастырады. Біз құқық қорғау органдарын журналистердің мәлімдемесінсіз, осы жағдайлар бойынша қылмыстық іс қозғауға шақырамыз»-делінген мәлімдемеде.

Бұл кибершабуылдар БАҚ редакциялары мен журналистерге ғана емес, Конституцияда кепілдік берілген барлық қазақстандықтардың ақпаратты еркін алу құқығын да шектейді. Егер бүгін шұғыл шаралар қабылданбаса, ертең бүкіл елдің ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төнеді.

Айта кетейік, Хакерлік шабуылға ұшыраған БАҚ өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз жазды деп хабарладық.