Үкімет тек бюджет кірісіне сенсе ғана, Ұлттық қорда 2030 жылға қарай $100 млрд жиналады – Сүлейменов

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Үкімет тек бюджет
Фото: shutterstock.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет тек бюджет кірісіне сенсе ғана 2030 жылға қарай Ұлттық қорға 100 миллиард доллар жиналатынын айтты.

ҰБ басшысының пікірінше, Ұлттық қор қаржысына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларын сатып алу – қаражатты инвстициялау.

«Бұл жерде екі мәселе бар. Біріншісі – концептуалдық, екіншісі – қаржылық есеп тұрғысынан алғанда техникалық. Бұл расында – ҚМГ акцияларына салған инвстиция. Қаржы министрлігі де, Ұлттық банк те оны инвестиция ретінде қарастырады. Егер Ұлттық қор құрылымына қарасаңыз, ҚМГ-ның теңгедегі акцияларына қаржы салу есебінен, оның теңгедегі бөлігі өсті. Бұл өте дұрыс және заңды нәрсе», –деді ол.

Дегенмен ол мұндай тәжірибе әдетке айналмауы керек деген ойын білдірді. Үкімет бюджетті жоспарлағанда Ұлттық қорға емес, бюджет кірісіне сенуі керек,

«Концепталдық тәсілге келер болсақ, бюжет тапшылығын осындай инвестиция есебінен жабуға болдайды деп есептейміз. Бюджет салық түсімдері мен Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт бүкіл шығынын жаба алатындай есептелуі шарт. Бюджет тапшылығын нысаналы трансферт немесе былтырғыдай ірі компаниялардың акциясына салу арқылы қаржы шығарып алу – әдетке айналмағаны жөн. Бюжет мемлекеттік меншікті сату есебінен толықпауы керек»,– деді Ұлттын банк басшысы.

ҰБ басшысының айтуынша, қажет болған сайын 5 трлн теңгеден шығарып ала берсек, Ұлттық қордағы қаржы 2030 жылға дейін 100 млд долларға жетпейді.

«Келесі жылы кепілдендірілген трансферт 4,2 трлн теңгеден 3,6 трлн теңгеге дейін айтарлықтай төмендейді. Егер үкімет тарапынан бұл саясат жалғаса берсе, яғни үкімет Ұлттық қорға емес, бюджетке түсетін кірістерге сүйенетін болса, онда ақырындап 100 миллиард долларға жетеміз. Әр жыл сайын 5 триллион немесе одан да көп ақшаны алып отырсақ, ондай қаржыны жинау қиын болады. Қаржы министрлігі мен Экономика министрлігі мұны түсініп отыр, олардың да алдында Президент қойған дәл осы тапсырма – қор қаржысын 100 миллиард долларға жеткізу тұр»,– деді Сүлейменов жұма күнгі брифингте.

Қазақстаның Ұлттық банкі қазан айында Ұлттық қор қаржысына «ҚазМұнайГаз» АҚ акциялары сатып алынғанын хабарлады. Республикалық бюджетке трансферт бөлу және ҚМГ акцияларын сатып алу үшін Ұлттық қордан 1,5 млрд АҚШ доллары сатылғаны жазылған.

Ал қараша айында бюджетке трансферт пен ҚМГ акциялары үшін Ұлттық қордан $1,32 млрд валюта сатылды.

Нәтижесінде ел бюджетіне қосымша 1,3 трлн теңге түскен. Қаржы министрлігінің есебінде бұл қаржы Ұлттық қордан алынған қаржы емес, «мемлекет меншігіндегі акциялар пакетінен түскен дивиденд» ретінде көрсетілген. Сарапшылар сол кезде Ұлтттық қордың қаржысын мұндай тәсілмен алу – «бюджет саясатындағы жағымсыз үрдіс» деп тұжырымдаған еді. 

Ал Қаржы министрлігі Ұлттық қордан 1,3 трлн теңге бекер алынған жоқ, «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) акцияларына «инвестицияланды» деп мәлімдеді.

Министрлік 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың түсімдері 6,4 трлн теңгені құрап, оның ішінде мұнай секторының түсімдері – 4,6 трлн теңге және инвестициялық кіріс – 1,8 трлн теңге болғанын хабарлады. 

2023 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 4,1 трлн теңге бағытталған.

 Осылайша былтыр Ұлттық қордың таза түсімдері 2,3 трлн теңгені құрады. Нәтижесінде 2023 жылы Ұлттық қордың активтері 26,8 трлн теңгеден 29,1 трлн теңгеге дейін өсті. 

Сондай-ақ оқыңыз